Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"15 курьер жинап алдым": Алматы тұрғыны ораза ұстағандарды шақырып, желі оқырмандарын тәнті етті

Instagram желісінде алматылық кәсіпкер Алмасбек Батыров Рамазан айында ораза ұстаған курьерлерді шақырып, қонақ етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

"Доставканың ақшасын бөлек беремін. Мынау 5000 теңге жеке өзіңе. Бүгін менің үйімнің қонағы боласың. Сендерге арнайы дастарқан жайылып тұр. Осындай курьерлік жұмыс істеп жүріп, ораза ұстаған жандар болса, сәресін берейінші деп ниеттеніп отыр едім", – деді үй иесі Алмасбек Батыров.

Кәсіпкер Алмасбек Батыров келген қонақтарға сәресін ішіп, содан кейін ғана шығып кететін айтты.

Курьерлердің бірі достарымыз сенбейтін болды. Видеоға түсіріп алсақ бола ма деп сұрайды. Сол кезде үй иесі "видеоға түсіре беріңдер" деп жауап береді. Үй иесі курьерлерді шақыру үшін біріне пиццаға, енді екіншісіне айранға және тағы басқа заттарға тапсырыс берген. 

Фото видеокадрдан алынған

"Біз де қазақтың қарапайым жігітіміз. Ауылдан шығып, қалаға келдік. Өзім әр түрлі жұмыстар істедім. Еңбек еткен жігіттерді өте қатты сыйлаймын. Жақсы көремін. Не істесеңде, әйтеуір ешкімге мұқтаж болмай, өздерің әрекеткеніп жұмыс істеп жүрсіңдер. Жарайсыңдар! Мұндай күннің суығына қарамай істейсіңдер. Кімді бүгін қонақ қыламыз деген кезде Glovo-да жастар істейді ғой деп бірден еске түсті. Өзім қалаға келген күннен бастап, өсіп-өнгеннен кейін жақсы түсінемін. Өз үйлеріңдей көріп, еш уайымдамай отыра беріңдер", – деді қонаққа шақырған үй иесі.

Ал әлеуметтік желідегі оқырмандар "Әй, Бәрекелді! Бір-бірін осылай жігерлендіретін жігіттерден айналдым. Сау болшы. Құдай тілеуіңді берсін!", "Осы отырған он бес жігіт осы үлгіні өміріне ала кетті ғой Инша Алла. Жарайсың! Қабыл болсын. Осындай игі істерге жеткілікті табыс берсін Аллам!", "Әр қонақта ризық бар деген қазақ атам" десе, келесі бір қолданушылар "Істеген жақсылықты көрсетпеу керек,пайғамбарымыз айтты гой, жасырын істеу керек сонда сауап болады" деп пікір қалдырған.

Талқылау