15 қыркүйекте Қазақстанда тұмауға қарсы жоспарлы вакцинация басталады
Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация биыл әдеттегіден екі апта бұрын басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
Оның айтуынша, мұндай шара алдағы өткір респираторлық аурулар маусымына дайындалудың тиімді тәсілі болмақ.
"15 қыркүйекте Қазақстанда тұмауға қарсы жоспарлы вакцинация басталады. Бұл әдеттегіден екі апта ерте. Тұмауға қарсы вакцина тұмауға қарсы алты айдан 12 айға дейін иммунитет береді", - деді Қожахметов.
Денсаулық сақтау министрлігі тұмауға қарсы вакциналардың екі миллионнан астам дозасын сатып алды. Азаматтарды вакцинациялауға болатын бес мыңнан астам бөлме дайындалды.
Маусымдық вакцинацияға дайындық барысында жеті мыңнан астам дәрігер мен 15 мың кіші медициналық қызметкерлер дәріс алды.
Министрлік: Коронавирусқа қарсы вакцинаның жанама әсері болмауы мүмкін емес
Талқылау