Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 адам мерт болды: Боливияда ақша тиеген ұшақ жолға құлады (видео)

ұшақ

Боливияда ақша тиеген ұшақ қала ішіндегі жолға құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

28 ақпанда Эль-Альто қаласында жаңа банкноттарды тиеген Боливия әуе күштерінің Hercules ұшағы көліктерге толы жолға құлады.

Ұшақ Орталық банктен басқа қалаларға жаңа банкноттарды тасымалдап жатқан.

ұшақ

Алайда ол ұшу-қону жолағынан шығып, Ла-Пас маңындағы Эль-Альто қаласында көліктерге соғылып, жақын маңдағы егістікте тоқтаған.

Апатта бүкіл экипажды қоса алғанда, он бес адам қаза тапты, тағы 12 адам жарақат алды. Тас жол бойында ондаған көлік зақымдалды.

Әуежай маңында көп ақша шашылып, жүздеген адам шашылған ақшаны жинауға асықты.

ұшақ

Полиция жиналғандарды тарату үшін арнайы құралдарды пайдалануға мәжбүр болды.

 

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 28 Ақпан, 2026 09:43