Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1414 SMS кодтары енді қолданылмайды: Цифрлық даму министрлігі жеке деректерге қол жеткізу үшін жаңа ереже бекітпек

Фото: Stan.kz

Ақпараттық жүйе иелеріне 1414 SMS хабарламаларының орнына ресурстарға қол жеткізу ережелерін қатаңдату тапсырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп қазақстандықтарды интернет-алаяқтарынан қорғауды күшейту шараларын қабылдап жатыр. 

“Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін кейбір мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен сервистерге бір реттік код арқылы кіру мүмкіндігі болған. Бұл тәсілді алаяқтар өз пайдасына қолдануы ықтимал еді. Олар ықтимал жәбірленушінің телефон нөміріне 1414 қысқа нөмірінен SMS-хабарлама жіберіп, жеке деректеріне қол жеткізе алуы мүмкін. Осыған байланысты ақпараттық жүйелердің иелеріне 1414 арқылы SMS жіберу әдісінің орнына қолжетімділік ережелерін күшейту тапсырылды”, – делінген хабарламада. 


"Egov" және 1414 қызметін қолданады": Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті


Қазақстандықтарға неліктен 1414 нөмірінен күмәнді хабарламалар келеді – Министрлік түсіндірді


Енді 1414 SMS-кодын қолданатын ақпараттық жүйелерге кіру қосымша қорғалған және тек биометриялық аутентификация (FaceID), электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе арнайы QR-код (eGov QR) арқылы ғана мүмкін болады.

Биыл желтоқсаннан бастап көрсетілген міндетті талаптарды енгізбеген жүйелер 1414 SMS-шлюзінен ажыратылды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі алаяқтармен күресу және қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау мақсатында барлық мемлекеттік органдармен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жатыр. 

Азаматтардың цифрлық сауатын арттыру үшін eGov Mobile мобильді қосымшасының басты бетінде әртүрлі ұсыныстар жазылған ақпараттық баннерлер орналастырылған. Онда күмәнді әрекеттерді қалай тану, кибергигиена ережелерін сақтау және цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану туралы ақпараттар көрсетілген. 

Айта кетейік, бұған дейін Енді eGov.kz порталына электронды цифрлық қолтаңбамен кіру үшін азамат жеке тұлғасын қосымша растау керегі туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 11:50