"Egov" және 1414 қызметін қолданады": Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Полицейлер алаяқтар енді "Egov" және 1414 қызметі арқылы халықты алдайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Абай облыстық полиция басқармасы мемлекеттік қызметкерлердің атынан "Egov" үшін адамның жеке деректерін сұрайтындар пайда болғанын айтады. Олар 1414-тен келген құпиясөзді айтуды немесе сілтемеден өтуді сұрайды дейді. Сондай-ақ “атыңызға айыппұл келді” деп, сілтемеге кіргенде шотыңызды бұзуы мүмкін.
“Мемлекеттік органдар қоңырау шалып немесе хабарламалар арқылы ақпарат сұрамайды. Күдікті хабар алсаңыз, сілтемелерді баспаңыз немесе ешқандай ақпарат бермеңіз. Анығына көз жеткізу үшін "Egov" немесе 1414 нөміріне хабарласыңыз”, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан