Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

140 жыл бұрын қаза болған эфиопиялық ханзаданың шашы өз еліне қайтарылды

140 жыл бұрын қаза болған эфиопиялық ханзаданың шашы өз елінің Ұлыбританиядағы өкілдеріне берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: nbcnews.com

1868 жылы британдық сарбаздар әкесі, император Теводрос II-нің бекінісіне басып кіргеннен кейін ханзада Алемайехуды тұтқынға алған. Алайда қамауға түскен ханзада өз өзіне қол салған. 

Тақ мұрагері 1879 жылы Ұлыбританияда 18 жасында қаза болған. Ол Лондонның жанындағы Виндзор сарайында жерленген. Бірақ оның денесін қайтару туралы соңғы өтініштер қабылданбады. Ханзаданың ұрпақтарының бірі Фасил Минас ханзада шашының еліне қайтарылуы, мүрдесінің де Эфиопияға келуіне жол ашады деп үміттенетінін айтты.

Лондондағы салтанатты шарада Эфиопияның Ұлыбританиядағы елшісі Тефери Мелессе император Теводрос Макдаланың бекінісінен ұрланған бір бұрым шашты және басқа да артефактілерді өз бақылауына алды. Олардың қайтып оралғанына қуанып, лайықты жерге орналастыратынын жеткізді.

Оның айтуынша, Эфиопия бекіністен ұрланған заттарды қайтару үшін Ұлыбританияға қысым көрсетуін жалғастырады.

Тақ мұрагерінің денесін ұрпақтарына қайтару туралы үндеу Ұлыбритания тарапына үнемі айтылып келеді. Алайда Букингем сарайы ханзада сүйегінің эксгумациясы Виндзор қамалындағы Әулие Джордж капелласының катакомбаларында жерленген басқа адамдарлың мүрдесіне кедергі келтіретінін айтып, үндеуден бас тартты.

Талқылау