Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 желтоқсанда аймақтар карантинге жабылады: Ақпарат түсіндірілді

Әлеуметтік желілерде аймақтарда 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізілетінін, аймақтар жабылатыны және блок-бекеттер орнатылатыны туралы ақпарат тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

Коронавирусқа байланысты аймақтардың жабылуы туралы ақпаратқа қатысты премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

"Аймақтардың карантинге жабылуы туралы" хабарламаны премьер-министр Асқар Мамин облыс әкімдеріне жолданған деп таралған ақпараттың жанында мөр басылған.  



Премьердің баспасөз қызметі бұл жалған мәліметтер екенін айтып, мұндай қаулы шығарылмағанын жеткізді. 

"Бұл хабарлама шындыққа сәйкес келмейді. Өңірлерді жабу туралы құжаттың фотосуреті жалған болып табылады. Қазақстанның облыстары мен қалаларында 14 желтоқсаннан бастап бақылау-өткізу пункттерін орнату жоспарда жоқ. Жол қозғалысына шектеу қойылмайды. Біз қазақстандықтарды ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", - делінген баспасөз хабарламасында.

STAN.KZ
Бейсенбі, 10 Желтоқсан, 2020 13:23
Талқылау