Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 жастағы қыз жазғы лагерге алкоголь мен есірткі алып өтпекші болды

22 шілде күні түнде Мурмансктен пойызға отырып, балалар лагеріне бет алған 14 жастағы қыз шығарып салушылардың алтын бұйымдарын ұрлаған.

images

Бұл туралы m.63.ru хабарлайды.

Жасөспірімнің заттарын қарау кезінде полицейлер одан алкоголь мен амфетамин тапқан.

“Қыздың шамаданынан бірнеше арақ пен коньяк бөтелкелері табылды. Қыз лагерде туған күнімде тойламақшы болдым дейді. Оның сөзінше арақсыз мереке – мереке емес. Ал есірткі заттарын өзі сексуалды қызмет көрсеткен еркектің ақы есебінде төлегендігін айтты,” – дейді полицейлер.

Полицейлер есірткі заттарын сараптамаға жіберген. Ұрлық әрекеті және есірткі сақтау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Әкесі жоқ, қызды анасы тәрбиелейді. Ол қызына билеті электронды түрде сатып алған. Қазір қыз тәртіп сақшыларының қарауында”, – деп хабарлады құқық қорғаушылар.

Оқи отырыңыз:

Қытай жігіт өз қолымен суперкар құрастырып шықты (фото)

Швейцарияда мұздықтан 75 жыл бұрын жоғалып кеткен ерлі-зайыпты жұп табылды (фото)

Дәрігерлер суға батып, 2 ай комада жатқан қыздың миын қалпына келтірді (фото, видео)

Танымал үндістандық тележүргізуші үстіне пальма ағашы құлап кетіп көз жұмды (видео)

Талқылау