Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 жасында зорланған Қызғалдақтың ісі бір қыздың өліміне себеп болған ба?

Алматы 14 жастағы Қызғалдақ есімді қыздың ісі әлі аяқталған жоқ. Оның арызымен қозғалған іс ашылмай жатып жабылып қалған. Жәбірленушінің қорғаушысы өңірдегі сотқа барып іс-материалдарымен танысып көрді. Іске қатысты тағы деректер айтылды. 

Алматы облысында 14 жастағы қызды зорлап жүкті еткен жігіт отбасылы азамат болып шықты

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды. 

Қызғалдақ пен адвокаты Альбина Бақтиярқызы бұрын қозғалған істің материалдарымен танысты. Онда бірнеше сараптама көрсетілен. Сараптама өзге тұлға Талғат Қызғалдақ Баяғатқызына жасалған. Қызғалдақ кінәлап отырған екі күдікті істе куәгер ретінде көрсетілген. Тек Дидар есімді жігіт қана күдікті болған. 

Ал, жыныстық қатынастың екі жақтың келісімімен болғаны жазылған. Қызғалдақ мұны о бастан жоққа шығарып келеді.

Дидардың өзі де, отабасы да үйінде болмай шықты. Ал, үшінші жігіт Ермұраттың анасы пікір білдірді.

"Мен ол кезде Қызғалдақтың баласының әкесі менің балам екен деп ойладым. Содан Қызғалдақты келін етіп алайық деп жүрдім. Кейін әкесі емес екені анықталғанда таңғалдым. Үйіне қанша рет барып кешірім сұрадық, жалындық. Ол кезде өзімнің қызым ауырып жатқан. Оның да аты Қызғалдақ. Жасы 24-те еді. Оған бүйрегімді беруім керек едім. Отаға дайындалуым керек едім. Бара алмадым. Қызғалдақтан кешірім сұрап, осы іспен жүрдім. Сөйткенде қызым көз жұмды. Мен де қызымнан айырылып отырған адаммын", - деді Бақытгүл апай.

Істе Қызғалдақ та өз келісімімен жыныстық қатынасқа түскенін айтқан. Ал, баланың әкесі Дидар екенін анықталған. Дидарға кешірім беру арқылы іс осылай тыныш жабылып қойған. Алайда Қызғалдақ істің мүлде дұрыс емес жазылғанын айтып ақталды. Кешірім жазып бергенін мойындады. Ол кезде қасында не әкесінің, не қорғаушысының болмағанын айтады.  

Қорғаушысының айтуынша, 14-15 жастағы Қызғалдақтың қасында жауап беру үшін заңды өкілі болу тиіс еді. Ол жазып бер деген нәрсесін жазып берген. Өзінің құқығын қорғай алмаған. Кәмелетке толған соң енді ес жиып, арызын қайта көтерген. 

"Істе Қызғалдақты барынша жаман қыз қылып көрсетіпті. Жеңіл жүрісті, мектепте аты шыққан, көрші ауылға барып, жігіттерге өзі жабысып жүретін қыз ретінде көрсеткен. Ал, Дидар мен Ермұратқа әкім жақсы, еңбекқор балалар деп мінездеме берген", - деді адвокаты.

Талқылау