Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен күдікті Ресейден Қазақстанда экстрадицияланды

Ресей 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Бас прокуратураның мәліметінше, ол 2023 жылдың қыркүйегінде Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінде 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен.



"Қылмыс жасағаннан кейін ол із-түссіз жоғалып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Ол еліміздің Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Ресейдің Новосибирск қаласында ұсталды. Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада. 

Қазір сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Айта кетейік, бұған дейін 27 миллион теңге жымқырған қазақстандық әйел Түркиядан экстрадицияланғаны туралы жазған едік. 

Талқылау