Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 наурызда Көктөбедегі аспалы жолға міну тегін болады

Алматыда 14 наурызда Көктөбеге баратын аспалы жол тегін жұмыс істейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Depositphotos.com

Наурыз мерекелерінде Көктөбедегі аспалы жол тегін болады.

"14 наурызда Алматыда Амал мерекесі – Көрісу күні мерекесіне орай театрландырылған мерекелік концерт өтеді. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары Көктөбеге жиналып, көктемнің келуімен құттықтайды", – делінген хабарламада.

Сағат 11:00-де ашық аспан астында "Көктөбедегі амал күні" мерекелік концерті өтеді, оған Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, "Жігіттер" тобы және т.б. келеді.



"14 наурыз мерекесіне орай сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Көктөбеге аспалы жол тегін жұмыс істейді", – деп атап өтті әкімдік.

Наурыз онкүндігі аясында 14-25 наурыз аралығында қала тұрғындары мен қонақтары 100 түрлі іс-шараға қатыса алады. Көрмелер, қойылымдар, спорттық жарыстар болады. 

Талқылау