Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"14 келі қостым": Гүлназ Жоланова босанғаннан кейінгі денсаулығының қалай өзгергенін айтты

Танымал актриса Гүлназ Жоланова ана болғаннан кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zholanova_gulnaz/

Отандық киножұлдыз оқырмандарымен сырласып, бірнеше сұрақтарына жауап берді. Бір оқырманы босанғаннан кейінгі күтімі туралы сұрақ қойды. 

“Бәріне осы сұрақ қызық екен. Жүкті кезімде 14 келі қостым. Перзентханадан шыққанда 10 келі тастадым. Жалпы, қатты толып кететін адамдардың қатарынан емеспін. Тұқымымыз сондай. Салауатты өмір салтын ұстанамыз. Одан кейін режимде өмір сүреміз. Үш мезгіл тамақ пен дұрыс ұйқы маңызды. Сағат кешкі 10-да ұйықтап қаламыз. Түнде тамақ ішпейміз. Белоктардың көп болуы денсаулық үшін керек. Бірақ демалыс күні жеңіл тамақтарды жейміз. Ол күні асқазанымызға да демалыс жариялап, көшедегі түрлі тамақтарды жей береміз. Сонымен қатар спортпен үзбей шұғылдануға тырысамын. Үлкен теннис пен жүзуге барғым келеді. Бірақ қазір оларға баруға уақытым жоқ”, – деп жауап берді актриса. 



Айта кетейік, өнер иесінің балалы болғанын кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова айтып қойған еді. Көп ұзамай актриса ресми түрде жария етті. 

“Менің сүйікті тамыз айым да келіп қалды. Бұл ай менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Бұл айды өмір бойы асыға күтемін. Себебі бұл айда мен ана атандым", – деген еді киножұлдыз. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 28 Тамыз, 2024 14:39
Талқылау