Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"14 карат": Ерке Есмахан күйеуінің сыйлығын көрсетті

Фото: https://www.instagram.com/stories/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раймның алып берген сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі перзентханаға барар алдында күйеуінен сыйлық алды. 

“Күнде күйеуіме бекер дәмді тағамдар дайындап жүрген жоқпын. Бриллианттардың ортасына алып келді. Түрлі түсті тастары бар жүзікке қызығып жүр едім. Көздің жауын алатын тастар екен. Өзіме изумруд тасы бар жүзік ұнап тұр. 14 карат екен”, – деп жазды әнші. 


  • "Мені жыл сайын "роддомға" жібереді": Ерке Есмахан күйеуін ел алдында мақтады

  • "Адам жұмсағанды салмаған дұрыс": Ерке Есмахан үйін жинатамын деп көпшіліктен сөз естіді


Одан кейін жүкті кезде алған сыйлықтарын босанғаннан кейін оқырманға көрсететінін жеткізді. 

“Күйеуім бір сақинамен тоқтамады. Алла бұйырса, аман-есен босанып алайын, сосын аяғым ауыр кезде алған барлық сыйлыққа анпакинг жасаймын. Қыздар, бар жақсылыққа лайықпыз. Осыны ұмытпаймыз”, – деді өнер иесі. 

Еске салайық, "Күйеуім ұлдарыма алып қойды"деп Ерке Есмахан су жаңа пәтерін көрсеткен еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 14:40
Талқылау