AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды: Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты азаматтарға үндеу жолдады. Еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған ведомствоның хабарлауынша, 25 қарашада келесі өңірлерде дауылды ескерту жарияланды:

Нұр-Сұлтан қаласында 15-20 м/с жылдамдықта , екпіні 23 м/с-ке жетеді. Шымкентте жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с болады. Ақмола облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ болып, жел соғады. Облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. 

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашынды болады (жаңбыр қарға ауысады). 26-27 қарашада облыстың солтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болып көктайғақтанады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыс орталығында жел екпіні 23 м/с-кежетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, солтүстікте және облыс орталығында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жел күшейеді. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады, жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Таулы аймақтарда жел екпіні 23-28 м/с болады.

"Жауын-шашын мен аязға байланысты көктайғақ болады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары болуы мүмкін. Азаматтарға мұзда тайғақ емес табаны бар аяқ киім киюге кеңес беріледі. Сақ болыңыздар" делінген хабарламада.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар министрлігі көлік жүргізушілерінен жолдарда абай болып, төмен жылдамдықты сақтап, сақ болуды сұрайды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолды кесіп өткенде ерекше сақ болуға кеңес беріледі.

"Азаматтарды ауа-райының өзгеруін қадағалауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды елеусіз қалдырмаңыз және қажетті сақтық шараларын қолданыңыз. Үйде болыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды сақтандырыңыз", - деп қорытындылады ТЖМ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр