Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1,3 миллиард теңге: Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері марқұм Бақыт Ибрагимнің үйі сатылымға шықты

Qazaq Banki-нің бұрынғы акционері, марқұм Бақыт Ибрагимнің Алматыдағы зәулім үйі сатылымға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: e-qazyna.kz

Жылжымайтын мүлік туралы ақпарат e-qazyna.kz порталында жарияланған.

Үй Бостандық ауданындағы Қарғалы ықшам ауданында орналасқан. Нысаның жалпы құны – 460,6 миллион теңге. Сауда 5 наурызда басталады, кепілдік жарнасы – 69 миллион теңгеден асады. Бастапқы бағасы – 1,3 млрд теңге.


Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимовтың өліміне қатысты іс тоқтатылды


Бұл үйдің марқұм Бақыт Ибрагимге тиесілі екенін Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

2020 жылдың қарашасында Qazaq Banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим Bank RBK қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2024 жылдың ақпанында Ибрагимнің тергеу изоляторында болған уақыты ескеріліп, жазасын толық өтеген соң түрмеден босатылғаны белгілі болды. Ал 2024 жылдың наурыз айында Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылған еді. 

Талқылау