13 күн демалыс: Қазақстандықтар мамыр айында қай күндері демалады
Қазақстанда төтенше жағдай болғанына және көптеген компаниялардың жұмысы тоқтағанына қарамастан, жұмыс істеп, қиын уақытта демалуды армандайтындар да бар. Сонымен, мамырдың қай күндері демалыс?
Фото: Қазақстан халқы Ассамблеясы
2020 жылдың мамыр айында қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді: Қазақстан халқының бірлігі күні - 1 мамыр. Бұл күн жұма күніне түседі; Отан қорғаушы күні - 7 мамыр бейсенбіге келеді; Жеңіс күні - 9 мамыр, бұл күн сенбіге келеді. Олардың барлығы мемлекеттік мерекелер. Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер демалыс болып саналады.
9 мамыр демалыс күніне келетіндіктен, ол күннің демалысы 11 мамырға ауысады. Бірақ Қазақстан Республикасының үкіметі қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін демалыс күнін 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырды. Осылайша, қазақстандықтар: бес күндік жұмыс аптасында - 1, 2, 3 мамырда демалады, 4, 5, 6 - жұмыс істейді, 7, 8, 9, 10 демалады. 11 мамырдан бастап жұмысқа кіріседі.
Алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр демалады, 2 мамыр - жұмыс істейді, 3 - демалады, 4, 5, 6 - жұмыс істейді, 7 мамыр демалады, 8 - жұмыс істейді, 9, 10 мамыр демалады. 11 мамырда жұмысқа шығады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
