13 градусқа дейін аяз: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ
Алдағы күндері елімізде ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады. 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Мамандардың болжамынша, Қазақстанның аумағына келген антициклонның әсерінен республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы 8-13° аязға дейін төмендеп, жауын-шашын тоқтайды.
«Алдағы үш күнде антициклонның әсері біртіндеп әлсірейді, ауа температурасы жоғарылайды және атмосфералық фронттардың өтуімен, республиканың тек қиыр солтүстігі мен батысында жауын-шашын күтіледі», - дейді синоптиктер.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"