Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 әйелді зорлаған: Француз актері Жерар Депардьенің үстінен іс тергеліп жатыр

74 жастағы француз актері Жерар Депардьені 13 әйел сексуалдық зорлық жасады деп айыптауда. Әлемдік жұлдыздың бұл ісіне байланысты тергеу әлі жалғасып жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mediapart порталына сілтеме жасап.

13 әйел актердің 2004-2022 жылдар аралығында зорлау эпизодтары болғаны туралы айтқан. Бұл оқиғалар Жерар Депардье түсірген он бір фильмнің түсірілімдерінде орын алған.

Үш актриса сотқа ашық түрде шағым түсірсе, өзге әйелдер есімдерін жасырып, бұл қылмыс туралы бүркеншік атпен айтуды жөн көрген. Жәбірленушілердің енді бірі тіпті жыныстық зорлық-зомбылықтың түсірілім тобының көзінше болғанын атап өтті.

Актердің адвокаттары өз кезегінде қудалау және зорлау туралы айыптаулардың жалған екенін алға тартты.

2021 жылы француз актрисасы Шарлотта Арнольд Жерар Депардьені зорлады деп айыптап, 2018 жылдың тамызында шабуыл жасағанын айтқан еді. Алайда актер Арнольдтың сөзін жоққа шығарды.

2022 жылдың наурыз айында Париж соты елеулі айғақтардың болуына байланысты істің жабылмайтынын мәлімдеді. Депардьеге қатысты тергеу әлі жалғасуда.

Талқылау