"124 метрлік биік ғимараттың төбесіндеміз": Дина Төреәлі 10 айға толған ұлына ерекше кеш ұйымдастырды
Желі жұлдызы, блогер Дина Төреәлі ұлының 10 айға толуын ерекше атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/
Блоргердің сөзінше, отбасылық мерекені Астана қаласында тойлауды шешкен.
“Осындай қуанышымызды кішігірім атап өтейік деп шештік. Сенің әр туған күнің біз үшін мереке, балам. Сен біздің мерекеміз де берекеміз де кішкентай ғана бақытымызсың. Нағыз ер азамат болып өсуіңе, өзіңді жеке мықты тұлға ретінде тануыңа, еркек деген атқа лайық болмысты тұла бойыңа құйып өсіруге барымызды саламыз. Сенің жарқын болашағыңды, тәтті өміріңді, берекелі болашақ отбасыңа дейін Алладан сұраймын. 124 метрлік биік ғимараттың төбесіндеміз. – деп жазды блогер ару.
-
"7 миллионды бір аптада жаратып тастадым": Дина Төреәлі қаржы сауатының жоқ екенін жасырмады
-
"17 жасымда миллион таптым": Дина Төреәлі табысты болуының құпиясын бөлісті
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ысырапшылдық деп сынап жатыр. Алайда блогер оқырмандарын орнына қойды.
“Қалай бар солай қабылдаңыздар. Бұл менің – бал өмірім. Барды тығып, жоқты бар демеймін. Көзі жақсылықты көрмейтіндер шетінен блокқа кетіп жатыр”, – деді желі жұлдызы.
Айта кетейік, "Біреудің айтқанымен өмір сүрмеймін" деген Дина Төреәлі оқырмандарына ашуланып қалған еді.