Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"120 миллион теңгені заңсыз аударып алған": Қарағанды әкімінің экс-орынбасары сотталды

Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ол қызметін асыра пайдалынып, баспана құрылысына бөлінген қаржының 120 миллион теңгесін талан-таражға салған.

Дегенмен тергеу абақтысында отырған уақыты ескерілген экс-шенеунік қоныс колониясында үш ай ғана жүретін болды.

Жақсылық Шалабеков айналдырған екі жылдың ішінде бір іс бойынша екі рет сотталып отыр. Алғашықысында ол бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін кінәлі деп танылған. Тұрғын үй құрылысына бөлінген ақшадан 120 миллион теңгені құрылыс компаниясына заңсыз аударып жірегені үшін ол бір жарым жылға сотталды. Экс-шенеуніктің тергеу абақтысында отырған уақыты ескеріліп, түрмеде алты күн отырып шыққан еді.

Прокуратураның араласуымен Жоғарғы сот бұл шешімнің күшін жойып, іс қайта тергелген. Бұл жолы іс қызметін асыра пайдалану бабы бойынша жүрді. Сотталушы өзі үкіммен келіспей, өзін бақталастардың құрбаны болдым деп санайды. Айтуынша, құрылыс компаниясына жұмысты бастау үшін аванс төлеу қалыпты тәжірибе. Ол қаражатты аудару шешімін мен емес, комиссия қабылдады дейді. Ал тергеу кесірінен баспана сол күйі салынбай қалған.

“Осы тергеуді өткізген мекеме ешқандай бөгет жасамағанда бүгінгі күні сол үйлер тұрғызылатын еді. Кім тапсырғанын білемін. Бірақ мен сіздерге айта алмаймын, оның кім екенін. Бірақ өз уақытымен бәрінің беті ашылады ғой. Оны мен кім тапсырғанын, қандай адамдар қандай қызметте, ол адамдар әлі күнге дейін осы қызметін атқарып жатыр”, – дейді сотталушы Жақсылық Шалабеков.

Талқылау