12 жылдан бері өзгермеген: Алматыдағы қоғамдық көліктерде жол ақысы қымбаттауы мүмкін
Алматыда жолаушылар транспортындағы жол ақысы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ерболат Досаевтың сөзінше Алматыда соңғы 12 жылда қоғамдық көлік ақысы өзгермеген. Енді биыл күзде жол жүру ақысы өсуі мүмкін.
"Қаладағы тариф саясатын өзгерту керек. Бізде 2012 жылдан бері жолаушы тасымалдау тарифі – 80 теңге. 12 жылдан бері өзгермеген. Әлемде автобусқа мінуге, сосын метроға, троллейбусқа және тағы басқасына көшуге болатынын көріп отырмыз. Қазір бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қыркүйекке дейін бітіреміз деп үміттенемін", – деді қала әкімі.
Сондай-ақғ Ерболат Досаев былтыр қалаға 550 автобус сатып алынғанын, биыл тағы 600 автобус сатып алынатынын айтты. Оған қоса жеке тасымалдаушылар да 540 автобусты қатарға қоспақ.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр
