Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өтемақы ретінде 160 мың теңге берген: Қарағанды облысында дәрігерлер 12 жыл бұрын науқастың ішінде хирургиялық қысқышты ұмытып кеткен

Қарағанды облысында дәрігерлер операция жасаған кезде зейнеткердің ішінде хирургиялық қысқышты ұмытып кетткен. Отадан кейін ауруының себебін білмеген Бектұр Тоқмағанбетов 12 жыл бойы ем алып келген. Науқас қазір қаншама жыл бойы ауруына себеп болған дәрігерлерді кінәлап, істегендерін өтеуі керек деп талап қоюда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Патриот” порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото видео кадрларынан

Науқастың айтуынша, ол ішіндегі темір қысқышпен 12 жыл өмір сүрген. Осы уақыт ішінде өзін нашар сезініп, компьютерлік томография пайда болғанға дейін ауруының себебін білмеген.

Бектұр Тоқмағанбетовқа кейін ота жасалған. Бірақ дәрігерлерге деген өкпе қалып отыр. Айтуынша, отбасы осы жылдар ішінде дәрі-дәрмек сатып алуға және тұрақты тексерулерге көп ақша жұмсаған. Ер адам сотқа жүгініп, онда ол әр жылы үшін 3 миллион теңге талап еткен. Бірақ сот оған небәрі 160 мың теңге өндіріп берген. Отбасы бұған келіспей депутаттар мен президенттен көмек сұрады.



“Бұл медициналық қателік күйеуімнен 12 жылдық саулығын алды. Денсаулық сақтау саласынан әр жыл қиналғаны үшін 3 миллион теңге талап еттік. Алайда сот әр жылға 160 000 теңге жеткілікті деп шешті. Құрметті депутаттар, бұл әділ сома деп ойлайсыз ба?” – деді Бектұр Тоқмағанбетовтың жұбайы.

Ол депутаттар денсаулық сақтау мәселесін үкімет деңгейінде көтеруі керек деп санайды.

Талқылау