Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"12 жастан асқан оқушыларға вакцина салынады": Желіде таралған құжат қазақстандық ата-аналарды дүрліктірді

Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты білім бөлімі мамандарының балаларға екпе салуды жоспарлаймыз деп басы бәлеге қалды. Өңірде ата-аналардың чатында білім бөлімінің басшысы қол қойған құжат тарады. Мұнда 12 жастан асқан балаларға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу жұмыстары жоспарланғандығы жазылған. Осыған орай білім бөлімі балалардың аты-жөні, туған жылы туралы мәліметті жинауды бұйырыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро”  жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

құжат

Санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың аудандық білім бөліміне жіберген хатында 12 жастан асқан оқушылардың вирусқа қарсы дәрі салдыру кестесі әзірленуі керектігі айтылған. Бірақ бұл бұйрық сол күйі білім ошақтарына таратылмаған көрінеді. 7-ші қыркүйекте жазылған санитар мамандардың құжатында тапсырма 9-ы күні орындалуы қажет деп көрсетілген. Яғни оқушылардың кестесі екі күннен кейін сақадай-сай дайын тұру керек еді. Ал Жалағаш аудандық білім бөлімі бұл нұсқаманы аса шұғыл деп, ерекше белгілеп, мектеп директорларына әзірлеген. Бірақ облыстық білім басқармасының басшылығы хат мектептерге жіберілген жоқ деп ақталды. 

“Қазір ешқандай білім беру ұйымдарына ешқандай тізім жасап жатқан жоқ. Халықтың қорқатындай ешқандай, бұл жерде орын алған жоқ. Дереу шара қолданылды”, – дейді Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Шенеунікке тәртіптік шара қолданылады. Ал Жалағаш ауданының бас санитары министрліктен осындай аса шұғыл деген арнайы хат келгенін мойындап отыр. Онда екпе алатын 12 жастан асқан оқушылардың барлық мәліметі жинақталған кесте басшылыққа жетуі тиіс болғаны айтылады. 


"Атырауда балаларды улап жатыр": Балабақшада түсірілген видео ата-аналарды шулатты

Дидар Халық
Сейсенбі, 14 Қыркүйек, 2021 08:56
Талқылау