Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жастағы компания басшысы бизнесті қалай дамыту туралы кеңес берді

Дженк Оз – 8-15 жас аралығындағы балаларға арнап интернет-портал ашқан британиялық бизнесмен. Оның жасы небәрі 12-де ғана. Оксфорд тұрғыны өзінің өз сыныптастарынан айырықша екенін байқаған.

_96774920_ninooo

Бос уақытында футбол ойнаудың орынына ол графити салуды үйреніп, диджей болуды арман еткен. Құрдастары асыр салып ойнап жүргенде ол пьеса жазып, сурет салып жүрді. Ал өзі қатарлы балалар оған еліктей бастаған сәтте, Дженкке идея келеді.

Ол балалар мен жасөспірімдердің бос уақытта ерекше іспен шұғылдануына жол ашатын интернет-портал ашуды армандайды. Үш жылдан соң iCoolKid сайты өмірге келді. Сайтта балалар мен жасөспірімдер өнер, ғылым және музыкамен қалай және қай жерде айналысу керектігін біле алады.

_96774922_gettyimages-645622896

Осы ретте жас бизнесменнің бірқатар айтқан сөздерін ұсынамыз:

1. Бір команда болып бірге жұмыс істеңдер. “Ең бастысы – керемет директорлар кеңесін құру” дейді Оз. Оның ойынша, кеңесте 5-6 адам болу керек.

2. Ұжымда әртүрлілік болуы тиіс. “Керемет директорлар кеңесінің” мүшелері әртүрлі жерден шыққан және олардың өмірлік тәжірибелері әр қилы болуы тиіс. Ол қанша жерден жастар мықты болса да, директорлар кеңесінде кем дегенде бір ересек адам болуы керек деп есептейді.

_97058950_1d8c57f9-5a79-40d7-b7ee-57c4fd960c4d

Жас бизнесмен сондай-ақ, команда мүшелерінің мінезіне де назар аудару керек дейді: “Олар бір-бірін тыңдап, тың пікір қоса алуы керек” дейді. “Бір-бірімен жиі қарым-қатынаста болу, идеялардың дамуы үшін таптырмас мүмкіндік” дейді ол.

_97058949_4efe638d-cf49-4a8b-a569-98c276e61477

iCoolKid қазіргі кезде жарнама мен маркетингтен көп пайда таба алып жатыр. Және әлеуметтік желілерде де белсенді.

Оқи отырыңыз:

100 жастағы ақсақал мектепке барып оқып үйреніп жүр

Америкалық компания өз қызметкерлерінің қолдарына түгелдей чип енгізетін болды

Күйеуі бар америкалық әйел ашық-шашық суреттерін сатып табыс тауып жүр

Өзге баланың екі қолы салынған балақай бейсбол ойнауды үйреніп жүр (фото)

Талқылау