Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жастағы қызды ұшаққа мінгізбей қойған: Air Astana компаниясы 5 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді

Сот Air Astana әуе компаниясын 12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбағаны үшін оның анасына 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: reuters.com

20 шілдеде Зере және Зәуре атты егіз қыз Америкадан елге қайтқан. Олар сенімді өкілмен, бір топ баламен саяхаттаған. Қайтарда Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуы керек болған, бірақ Зерені компания бортқа кіргізбей, жалғыз өзін тастап кеткен. Соның салдарынан егіздің сыңары Астана әуежайында жалғыз қалып қойған. Ал сенімді өкіл басқа балалармен ұшып кеткен. 

Әуежайдағы бейнебақылаукамераларының жазбаларынан 12 жастағы қыздың 3 сағат жылап тұрғанын көруге болады. 

Осы оқиғадан кейін FlyArystan басшысы баланың анасымен кездесіп, кешірім сұрап, өтемақы ретінде 4 миллион теңге ұсынған. Бірақ әйел одан бас тартып, сотқа жүгінген.



FlyArystan әуе компаниясы сыйымдылығы 188 орындық ұшақты 180 орындық бортқа ауыстырғаны анықталды. Нәтижесінде Зере 181-жолаушы ретінде тіркеліп, ұшаққа отыра алмаған. 19 және 20 күні ұшуы керек рейс жолаушылары да осы бортқа отырғызылған. Нәтижесінде кәмелетке толмаған жолаушы әуежайда қалып қойған.

Әуе компаниясы баланы қала ішіндегі қонақүйге орналастыруды ұсынған. Алайда анасы баланың жалғыз өзі қонақүйге баруына қарсы болыпты. Өйткені бала заңды өкілдерінсіз тіркеле алмайды. Артынша анасының өтініші бойынша, әуежайға баланың туысы келген. Полиция қызметкері мен туысының мәліметінше, әуе компания өкілдері баланың туысы жолаушы болмағандықтан қонақүй беруден бас тартқан. Сотта әуе компания өкілдері қонақүймен келісім бойынша тек жолаушылар ғана тегін қала алатынын мәлімдеді. 

Еске салайық, бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы 12 жасар қызды рейске мінгізбей, жалғыз өзін өзге қалада қалдырып кеткені туралы жазған едік. Оқиғадан кейін қыздың анасы әуекомпанияның қызметіне наразылық білдірді.

Талқылау