12 жастағы қыз арқанды тісімен кеміріп, маньяктан қашып кеткен
Американың Алабама штатында 12 жасар қызды кепілге алып, қашып кеткен балалар ұрлықшысы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
12 жасар қыз өзін алкоголь беріп мас қылып, орындыққа арқанмен байлап, бір апта бойы тұтқында ұстаған ұрлықшыдан қашып құтылған.
Басылымның мәліметінше, өзін босату үшін қыз арқанды тісімен кемірген. Оны автомобиль жолдарының бірінде көлік жүргізушісі тауып, полицияға тапсырған. Келесі күні оны ұрлап кеткен ер адам қамауға алынды. Оның 37 жастағы Хосе Паулино Паскуал-Рейес екені анықталды.
Ер адамның үйін тінту барысында екі мәйіт табылған. Оған кісі өлтіру, адам ұрлау және адам мәйітінің қалдықтарын қорлау айыптары тағылды.
37 жастағы Хосе Паулино Паскуал-Рейес бірінші деңгейлі адам ұрлау қылмысын жасады деп айыпталды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”