AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жастағы бала шахмат тарихындағы ең жас гроссмейстер атанды

Америкалық Абхиманью Мишра 12 жасында гроссмейстер атағына ие болды. Ол ресейлік шахматшы Сергей Карякиннің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап. 

Мишра

АҚШ-тың Нью-Джерси штатының тумасы Абхиманю Мишра Эло рейтингісі бойынша 2500 ұпай жинап, титулға қол жеткізу үшін үшінші норманы орындағаннан кейін гроссмейстер ретінде танылды. Рекорд 30 маусымда сәрсенбіде Будапешттегі Vezerkepzo GM Mix турнирі кезінде орнатылды.

Мишра шешуші сайыста үндістандық Леон Мендоканы жеңген. 

"Ақыры 14 ай бойы менің жоспарларыма бөгет болған ең басты қарсыласым – пандемияны жеңе алдым. Барлығыңызға қолдау көрсеткендіңіз үшін алғыс білдіремін. Әлемдік доданы асыға күтемін", – деп жазыпты Мишра. 

Ол шахматтағы ең жоғарғы лауазымға 12 жаста, төрт ай, 25 күнде ие болды. Бұған дейінгі рекорд шахматшы Сергей Карякинге тиесілі еді, ол 2002 жылы 12 жас жеті айында гроссмейстер атанған.

2009 жылы дүниеге келген Мишра жеті жасында АҚШ шахмат федерациясының сарапшысы болды, тоғыз жасында ең жас ұлттық шебер, ал 10 жасында халықаралық шебер атағын алған.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр