Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жасар қызды ұшаққа мінгізбей қойғаны үшін жауапқа тартылған Air Astana апелляциялық шағым түсірді

Бірнеше ай бұрын FlyArystan әуе компаниясы 12 жасар қызды бортқа жібермей, Астанада жалғыз қалдырып кеткені үшін сотқа тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелген еді. Енді Air Astana компаниясы апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Flyarystan.com

Мұны қыздың анасының адвокаты Данилхан Шағатаев хабарлады.

"Зеренің ісі бойынша Air Astana Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне апелляциялық шағым түсірді, ақыры Алматы қалалық соты нақты шешім шығарып, баланың анасына моральдық шығынды төленеді деп үміттенемін", –  деді адвокат. 

Түрксіб аудандық соты Air Astana әуекомпаниясын 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ қыркүйекте сот әуекомпанияны авиациялық заңнаманы бұзғаны үшін мемлекет бюджетіне 3 692 000 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.

Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы 12 жасар қызды рейске мінгізбей, жалғыз өзін өзге қалада қалдырып кеткені туралы жазған едік. Бала әуежайда жалғыз қалды. 12 жастағы Зерені әуежайдан анасының құрбысы алып кеткен. Ертеңінде қыз Оралға өз бетімен ұшады.

Әуекомпаниясы қателігі үшін қыздың отбасынан кешірім сұрап, баланың анасымен бітімгершілікке келуге тырысқан. Оған 4 миллион теңге төлеу ұсынылды, бірақ қыздың анасы өтемақы төлеуден бас тартты.

Талқылау