12 жасар қазақстандық Испаниядағы "Балалар дауысында" қазылар алқасын аузына қаратты – видео
12 жастағы Жәнел Әли Испаниядағы La Voz Kids ("Балалар дауысы") байқауында қазылар алқасын таңғалдырды. Іріктеу кезеңінде төрт әншінің үшеуі бұрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жәнел Әли Кристина Агилераның Hurt әнін орындап берді. Биылғы маусымда Айтана (Aitana), Роcарио Флорес (Rosario Flores), Себастьян Ятра (Sebastián Yatra) мен Дэвид Бисбал (David Bisbal) тәлімгер ретінде қатысып жатыр.
Жәнелге үш тәлімгер бұрылған. Ол танымал актриса Росарио Флоресті таңдады.
Айта кетсек, бірінші кезеңде қазылар алқасы қатысушыларды танымайды. Тәлімгерлерге ән салып тұрған баланың дауысы ұнаса, батырманы басып бұрылады.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді