Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"12 құрсақ көтерген батыр ана": Мақпал Жүнісова анасын туған күнімен құттықтады

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова анасының туған күніне арнап, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесі анасының көпбалалы ана екенін айтып, мақтанды. 

“Аллаға мың шүкірлер, бүгін ардақты анамыздың туған күні. Өмірге 12 құрсақ әкелген батыр анамызға бас иеміз. Қазір немерелер, шөберелер сүйіп отыр. Алла қолдап жүзге жеткеніңізді армандаймыз. Бізге тілеу тілеп, еш жамандыққа қимайтын аналарымыз төрімізде отырсын. Әлі де бала болып, еркелеп жүрміз. Аман болыңыз, анашым", – деп жазды Мақпал Жүнісова. 



Желі қолданушылары батыр анаға жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

“Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды” деген сөз рас екен”, “Анамыздың туған күні құтты болсын!”, “Мақпал анасының алдында 60 жасқа толды”, “Бақытты ана, аяулы әже болсын”, “Қазақтың бұлбұл қызына жарық өмір сыйлаған анамыз аман болсын”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Мақпал Жүнісова бала күніндегі ерекше қасиетін айтып берген еді. 

 

Талқылау