Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 адамды шаққан: Шымкентте тұрғындар сарышаяндардың көбейгенін айтып, шағымданып жатыр

Шымкентте үш айдың ішінде 12 адамды шаян шағып алған. Мегаполис тұрғындары улы жәндіктерді тауып алғаны туралы әлеуметтік желіде жазып жатыр. Олардың белсенділігі жаз мезгілінде артатындықтан дәрігерлер тұрғындарды қырағы болуға шақыруда деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында бір түнде 7 әйелді сарышаян шақты

Дереккөз ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Шымкент қаласының тұрғыны Гүзал Әуелбекова осыдан бірнеше күн бұрын бір шаян ұстап алған. Оның айтуынша, сарышаян картоп сақталған дорбадан шыққан. Әйелдің сөзінше, ол жыл сайын үйінен шаян тауып алады, ал өткен жылы олардың бірі оның қолын қатты шағып алған. Биыл қауіпті буынаяқтылар әдеттегіден ерте пайда болыпты.

"Оларға тоқтау жоқ, біз әйтеуір үйді, ауланы дезинфекциялауға тырыстық, бірақ, өкінішке орай, бұл көмектеспейді. Ұйықтар алдында төсек-орынды тексереміз, бұрыштарды тексереміз, жарықты қоспай бөлмеге кірмейміз", - дейді Әуелбекова.

Қалалық токсикологияда биылғы жылдың үш айында шаян шаққан 12 адам жүгінгенін айтады.



"Зардап шеккен азаматтың бірі қатты ауырғандықтан, ауруханаға жатқызуға тура келді. Дәрігерлердің айтуынша, қала тұрғындары аса сақ болғаны жөн. Сарышаяндар көбінесе жеке үйлерді мекендейді және қараңғы жерлерді жақсы көреді", - делінген мәлімдемеде.

Жоғарыда атап өтілгендей, шаянның шағып алғаны ересектерге тек ауырсыну тудырса, олардың улары созылмалы аурулары бар балалар мен қарт адамдар үшін қауіпті.

"Қан қысымы, жүрек ауруымен ауыратындар және жас балалар үшін қауіпті, егер шаян шағып алған болса, үйде бар кез келген ауруды басатын дәрі ішу керек, шаққан жерге сұйылтылған жартылай алкогольді компрессті жағу керек тіпті қажет болса жедел жәрдем шақыр керек", -  деді дәрігер-токсиколог Марат Кәкенов.

Дәрігерлердің айтуынша, адамдардың шағымы көбінесе ыстық мезгілде арта бастайды, жазда оларға күніне үш-төрт шаян шаққан адамдар келеді екен.

"Өткен жылы қалалық токсикологияға шаян шаққан 75 адам емделсе, тағы 258 адамға амбулаторлық көмек көрсетілді", - деп жазады дереккөз.

Талқылау