Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"12-14 мың теңге": Әкімдік Нұр-Сұлтанда қыс мезгіліне көмірді ерте сатып алуға кеңес берді

Нұр-Сұлтан қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов қыс маусымына ерте дайындалу керектігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

көмір

Ербол Төлеуов халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша бағасы, қай жерде сатылатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты.

"Бүгінде қалада 7 ірі үлкен көмір сататын компаниямен бағаны көтермеу туралы меморандумға қол қойдық. 12 мыңнан 14 мыңға дейін баға белгіленген. Суықта кезекке тұрмай көмірді бүгін сатып алуға шақырамын. Көмір тапшылығы болмайды. Көмір бар кезде қазір сатып алыңыздар. Бағасы алда қалай болатынын ешкім білмейді", – дейді ол.

Басқарма басшысының сөзінше, қалада бірінші және екінші жылу электр орталықтарында кестеге сай қазандықтарды жөндеуден өткізу секілді тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. 

"Астана энергия" мекемесі 77% дайын. Жылу электр орталықтарын отынмен қамтамасыз ету бойынша 310 мың тонна көмір мен 10 мың тонна мазутты жанармай дайындалды. Ал жылуды тасымалдайтын "Астана-Теплотранзит" мекемесі қысқы маусымға - 55%, ал электр қуатын шығаратын "Астана АЭК" 72% дайын. 30 шақырым кабель жүйесі ауыстырылды. 23 бөлуші станция дайын. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 2512 тұрғын үй 87%, ал әлеуметтік нысандар бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет ғимараттары 90% дайын", – дейді Төлеуов.

Сондай-ақ, ол 20200 теңге көлемінде көмек берілетінін атап өтті.

Талқылау