Павлодарда жетімдер кәсіпкер сыйға тартқан пәтерге көшті
Павлодардағы «Жас ұрпақ» жасөспірімдер үйінің төрт түлегі қоныс тойын тойлады. Жетім балаларға пәтерді аймақтағы шаруа қожалығының басшысы берді. Баспана мемлекет мекемесі есебінде жүреді.
Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Ислам Казыков, Ильяс Кенин мен Иван Агеев үшеуі Эльдар келгенше үйді қайта жөндеп шығуға тырысқан. Өздермен бірге балалар үйінде тәрбиеленген Эльдар Шолохов әскерден келгенде өзін тосынсый күтіп тұрғанын білмеді. Ол тіпті әлі күнге дейін мұндай сый күтіп тұрады деп ойламғанын айтады.
«Мұнай сыйды күтпедім.Әлі де сене алар емеспін. Маған келген бойда өзімнің пәтерім болатынын айтты. Әрине бұл менің жеке пәтерім емес. Мен баспана алу үшін кезекте тұрмын. Ол да орындалар деп үміттенем», – дейді Эльдар.
Ислам Казыков құрылысшы, Илияс Кенин мейрамханада аспаз, Ал Иван Ағаев машинист болып жұмыс істейді. Олардың бәрі біраздан бері баспана алуға кезекте тұр.
Мейірімді тұрғындар мен қала мекемелері олардың жаңа үйіне қажетті жиһаздарды алуға көмектесті. Облыстағы шаруа басшысы Александр Поликов пәтерді алуға 11 млн теңге жұмсады. Баспана жасөспірімдер үйінің меншігіне беріледі. Пәтерде тұрушылар коммуналды төлемақыны өздері төлейді. Олар өздері үй алғанша осында тұрады. Кейін олардың орнына тәрбиеленуші басқа балалар келеді.
«Жасөспірімдер 23 жасқа толғанда өз бетінше кетуі тиіс. Оларға мемлекет атынан әлеуметтік баспана беріледі. Бірақ бұл бәріне бірдей беріле бермейді. Көптеген түлектеріміз бізден кеткен соң қайда барарын білмей дал болып жатады», – дейді жасөспірімдер үйінің жетекшісі Айжан Қойсоймасова.
2010 жыдан бері 52 түлекке баспана берілген.
«Қазір тізімде 1973 бала жетім есебінде тұр. Биылғы жылы оларға 27 пәтер беру қарастырылған. Жыл соңына дейін тағы 20 пәтердей беру мәселесі қарастырылып жатыр», – дейді Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің орынбасары Елена Кускова.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық жігіт анасына үй алып беру үшін бишілер шоуынан 3 миллион теңге ұтып алды
ШҚО-да қытайлық азамат 11 жасар бүлдіршінді зорламақ болды
17 жыл құлдықта болған Теміртау тұрғыны құжатын ала алмай жүр