Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Педагогика, IT және инженерия: Қазақстандық түлектер қандай мамандыққа грантқа өтініш бергені белгілі болды

Фото: Istock.com

113 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Өткен жылғыға қарағанда 9 мыңға көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өткен жылмен салыстырсақ, 2024 жылы 104 мыңнан астам өтініш қабылданған.

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 77 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. "Педагогикалық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан келеді. Сондай-ақ "Серпін" бағдарламасы арқылы түсушілерге 2 412 грант бөлінген.


"Жүзден аса студент бар": Елордалық IT колледжінің түлектері мемлекеттік грантсыз қалмақ


Гранттар тізімінде Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған 2 500 мақсатты білім беру гранты бар.

“Соңғы бірнеше жыл бойы ең сұранысқа ие білім беру бағыттары бойынша талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Өтініштердің көбі "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес, болашақ аудармашылар, мұғалімдер, психологтар, дизайнерлер және заңгерлер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтіледі”, – делінген хабарламада.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік грант бойынша оқыған түлектердің 90 пайызы жұмысқа орналаспағаны туралы жазған едік.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 11:14
Талқылау