110 мың доллар: Бибісара Асаубаева әлемдегі ең табысы жоғары шахматшылар тізіміне енді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдегі табысы жоғары топ 10 гроссмейстерлер тізіміне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Forbes.ru рейтингінде 7-орынға жайғасқан. 21 жастағы Бибісара Асаубаева бір жыл ішінде 110 мың доллардан астам табыс тапқан.
Аталмыш рейтингтің көшін Қытай елінің өкілі Цзюй Вэньцзюнь тұр. Оның жылдық сыйақысы шамамен 382 мың доллар.
Ал екінші орынға тағы бір қытайлық шахматшы ару Тань Чжунъи жайғасқан. Тань Чжунъидің жылдық табысы 315 мың доллар.
Үздік үштікті украиналық шахматшы Анна Музычук 166 мың доллор табысымен түйіндеп тұр.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаев 2025 жылы Дохода өткен блиц шахмат турнирінде топ жарып, шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бибісара шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы.
Сондай-ақ ол фристайл-турға қатысқан алғашқы әйел шахматшы ретінде тарихқа енді.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы