Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"110 миллион теңге шығын келді": Ақтөбеде әуе кемелеріне бөлшектер алынғанымен, бірақ шын мәнінде жөндеу жүргізілмеген

ұшақ жөндеу

Видеодан скриншот

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті "Авиажөндеу зауыты №406 ГА" АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Авиажөндеу зауытының бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, әуе кемелерін жөндеуге арналған тауарлық-материалдық қорларды заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырған.

“МИ-2 тікұшақтарына, АН-2 әуекемелеріне және қозғалтқыштарға арналған агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді жалған сатып алу тиесілі бақылауындағы компаниялар арқылы жүргізілген. Зауыттың құжаттарында аталған агрегаттар қоймадан алынған және
күрделі жөндеу кезінде авиациялық техникаға орнатылған ретінде көрсетілген. Бірақ іс жүзінде қолданылмаған”, – делінген хабарламада.


"78 адам жалған жұмысқа орналастырылған": Түркістанда жалақыны субсидиялау қаражатын жымқырғандар сотталды


Өмірде жоқ 100 мың малды жүйеге тіркеген: Түркістан облысында мал дәрігерлері 271 миллион теңге субсидияны жымқырған


Кейіннен олардың пайдаланылғанын формалды түрде растайтын есептен шығару актілері бекітілген.

Мемлекетке келтірілген шығын – 110 миллион теңге.

Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі 2 пәтер мен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 04 Желтоқсан, 2025 14:25