Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"11 жыл азаптады": Бұрынғы әйелінің мәлімдемесінен кейін әкімге қатысты қызметтік тергеу басталды

Атыраулық Ақмарал Үмбетқалиева Мақат ауданының әкімі болып істейтін бұрынғы күйеуі Ринат Ибрагимовтың оны 11 жыл бойы ұрып-соғып, балаларын тартып алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Осы мәлімдемеден кейін Атырау облыстық әкімдігі Ринат Ибрагимовтың үстінен қызметтік тергеу тағайындады.



"Мақат ауданы әкімінің бұрынғы жұбайы Ақмарал Үмбетқалиева Атырау облыстық әкімдігіне бұрын арызданбағанын хабарлаймыз. Анықталған мән-жайларға байланысты қызметтік тергеу тағайындалды", – деп мәлімдеді ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелі мәлімдеме жасап, Ибрагимовтың оны ұрып-соғып, тіпті “мүгедек қыламын” дегенін айтқан еді. 

Талқылау