Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жастағы Өркен Азаматұлының әкесі ұлын өлтірген әйелді өмір бойына соттауды талап етті

Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген 11 жастағы Өркеннің әкесі, қанды қол қылмысты жасаған әйелді өмір бойына бас бостандығынан айыруда талап етті. Болған оқиғаға әлі сене алмай отырған Азамат Кемпірбаев, бұрынғы әйелін кешірмейтінін айтты.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Өркеннің өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева туралы саяжайдағы көршілер де жағымды мінездеме айтпады. Олар бірге тұрған он жылдан астам уақыт ішінде әйел тек жағымсыз, кеспір мінезімен көзге түсіпті.

Өркенді жертөледе өлтіргеннен кейін шұңқыр қазып оның денесін көміп тастамақ болған. Ал ол үшін керек күректі көршілерден пеш істеп жатырмыз деп сұрап алыпты.

Ал Раиса Садықова қылмысты ұйымдастырған әйелге сегіз жыл бойы жалға пәтер беріп келген. Кішкентай қызын күн сайын ұрады деген әйел, Шәрипа Ақбердиеваның күйеуді де қолғапша ауыстыратынын айтып қалды.

“Туады, баланы ата-анасына жібереді де басқа еркек тауып алады. Тағы да туады, тағы да солай. Осылай істеп жүрді. Негізі ол өте қатігез адам. Мына баланы өлтіргенін айтпағанын өзінде, кішкентай қызын көк ала торғайдай қылып сабайтын. Бұл деген мүмкін емес нәрсе. Қалай сәбиді солай ұруға болады?”, – дейді Раиса Садықова.

Раисаның сөзінше, Шәрипа ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген. Соған қарамастан жақсы өмір сүрген. Ол несие алып беруге көмектесіп делдал болған секілді. Өркеннің өліміне қатысы бар тағы бір күдікті, Шәрипаның үлкен қызы анасымен бірге тұрған. Оның да кішкентай баласы бар. Ал Өркеннің әкесінің айтуынша, қылмыскерлер негізі өзін аңдымақ болған. Бұрынғы әйеліне кешірім бермейтінін айтқан Азамат, оған ең қатаң жазаның тағайындалуын талап етеді.

“Оның осы әрекетке қалай барғанына сене алар емеспін. Бір түсінетінім – ол қызғанды, ал бір жағынан мұнысын ешқашан кешіре алмаймын. Оған қанша мерзім береді, сонша жылын өтеуі тиіс. Ал баламды өз қолымен өлтірген оның балалары өмір бойына отырсын”, – дейді Азамат Кемпірбаев.

Қазіргі таңда Өркен Азаматұлын өлтірді деген күдікпен бес адам ұсталған. Олардың арасында өгей шешесі, өгей ағасы мен әпкесі және тағы екі сыбайлас. Оларға қарсы адам ұрлау және өлтіру, екі бап бойынша қылмыстық іс көтеріліп отыр.

Бұған дейін 11 жасар баланың көршілері үнемі ұрыс-керіс болатынын айтып шағымданған еді.

Бұған дейін полиция өгей шешенің өш алу үшін баланы ұрлап әкетіп өлтіргенін хабарлаған еді. Әйел қанды іске тіпті өзінің туған балаларын да араластырған. Еске сала кетсек, 11 жастағы 6 сынып оқушысы 19 қаңтар күні жоғалып кетеді. Баланың жоғалғаны туралы оның әжесі сол күні кешке полицияға шағым түсірген.

22 қаңтарға қараған түні Өркен Азаматұлының денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жерасты ғимаратынан табылған.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында қарттар үйі қызметкерлерінің мүгедектерді қалай қорлап келгені әшкере болды

Ерасыл Әубәкіровтың ісі бойынша жаңа күдіктілер пайда болды (видео)

Оңтүстіктің тұрғындары солтүстікке көшіп келгендеріне өкініп отыр

Ақтөбелік шенеуніктердің мәдениетсіздігі жұртты шошытты

Талқылау