Қызылорда облысында 11 жастағы ер балаға зорлық жасаған күдікті қамалды
Қызылорда облысында 11 жастағы ер балаға азғындық жасады деген күдікті қамауға алынды. Мұны жергілікті полиция мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АстанаТВ арнасына сілтеп хабарлайды.
Жаға ұстатарлық оқиға Сырдария ауданында болған. Мамандардың дерегінше, жәбірленуші баланың анасы төрт жыл бұрын өмірден өткен. Бала 6 жастағы інісімен әкесінің қамқорлығында қалған.
Облыстық білім басқармасы осы оқиғадан кейін ағайындылар оқшауланып, мамандардың жіті бақылауына алынғанын айтты.
"Күдікті азамат анықталғаннан кейін бірден қамқоршылық қорғаншылық органның қаулысымен балалар кәмелетке толмаған бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазіргі таңда осы орталықта балалар. Тиісті психологиялық тұрғыда көмек көрсетіліп отыр", - дейді Қызылорда облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова.
Полицияның дерегінше, қазір тиісті сараптамалар тайғайындалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс қозғалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”