"11 жасымда мешітке барып, намаз оқыдым": Әнші Луина балалық шағынан сыр шертті
Танымал әнші Луина бала кезінде дінге жақын болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жолдасының ислам дінін қабылдағанын жасырмады.
“Менің жолдасым 16 жасында ислам дінін қабылдаған. Оның Әбубәкір деген есімі де бар. Ол өзін атеистпін дейді, бірақ діндердің ішіндегі ең жақыны ислам дейді. Ислам дінін ұстану өте тиімді, жаныма жақын деді. Бірақ ол тек таза деректерге ғана сенеді. Қазір оның жасы отызда, есейе келе оған келесің деп айтқан едім. Мен биыл бірінші рет ораза ұстадым. Ол менен үлгі алды. Жұма күндері кейде мешітке барады”, – дейді әнші.
-
"Бізді тастап кетті деп ойладым": Луина бес жасында анасының із-түссіз жоғалып кеткенін айтты
-
Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қазақстандық шоу-бизнестегі жұптар кімдер?
Өнер иесінің сөзінше, 11 жасынан бастап мешітке барып намаз оқыған.
“Менің атам молда болған кісі. 11 жасымнан бастап мен де мешітке барып, намаз оқитын едім. Қазір де өзіме қажетті ең керек деген сүрелерді жатқа білемін. Маңызды кезде, күнде ұйықтар алдында оларды оқып отырамын", –деп жан сырын ақтарды өнер иесі.
Еске салайық, Луина ата-анасының үш жасында ажырасып кеткендерін айтқан еді.