Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қазақстандық шоу-бизнестегі жұптар кімдер?

Отандық жұлдыздардың арасында махаббатқа жастың да, ұлттың да кедергі емес екенін дәлелдеген жұптар жетерлік. Елінің еркесі Ерке Есмахан мен Raim лақап атымен танылған жас әнші Райым Бақтыгереевтің шаңырақ көтеруі бұл сөздің растығына тағы да көз жеткізді. Жас айырмашылығымен ерекшеленетін шоу-бизнестегі жұптардың тізіміне назар салыңыздар.

Көштің басын таңдауы өзінен 12 жас кіші жігітке түскен Ерке Есмахан бастайды. Ұзақ уақыт сүйіктісін жұрттан жасырған әнші бақытын өнерден тапты. Ерке Есмаханның алғашқы некесінен Мүслім есімді ұлы бар. Жас жұбайлар бүгінде Дубайда демалып жүр.

Ерке мен Raim

Қазақстандық актер, шоумен Дәуіт Шайхисламовтың да жары өзінен 11 жас үлкен. Белгілі шоуменнің жұбайы қазақстандық тележүргізуші, қоғам қайраткері және продюсер Дана Орманбаева. Жас айырмашылығына қарамастан ерлі-зайыптылардың жұптарын жазбай өмір сүріп жатқандарына 17 жыл болған. Дананың бірінші некесінен екі ұлы бар. Дәуітпен ортақ некеден бір ұл, бір қыз сүйіп отыр.

Дәуіт пен Дана

Актриса Жәнел Мақажан өзінен 8 жас кіші Абай Асылхан есімді актермен бас қосты. Актрисаның алғашқы некесінен екі баласы бар. Алайда ғашықтардың махаббаты жас айырмашылығын былай қойғанда, көптеген адамның қарсылығына да төтеп берген. Бүгінде актриса өнерінен бас тартып, дінге бет бұрды.

Жәнел мен Абай

Шынайы махаббатқа ештеңе кедергі бола алмайтынын дәлелдеген жұптардың бірі отандық әнші Луина мен Артем Обухов. Әншінің күйеуінен 7 жасқа үлкендігі бар. Ерлі-зайыптылар 3 жасар Давид есімді ұлды тәрбиелеп отыр. Бұл Луинаның алғашқы некесі, ал Артем бұған дейін отбасылы болған. Оның бірінші әйелінен 6 жастағы ұлы бар. 

Луина мен Артем

Мәдина Сәдуақасованың да жолдасы Олжас Смағұлов өзінен 7 жасқа кіші. 2014 жылы шаңырақ көтерген ерлі-зайыпты қазір Әнуар есімді ұлды тәрбиелеп отыр. Олар жас айырмашылығын елемей, жүрекпен таңдау жасаған жұптардың бірі. 

Мәдина мен Олжас

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі өзінен 6 жасқа кіші. Белгілі ақынның таңдауы  Нұржан Иманәлиев есімді ер азаматқа түскен.

Айта кетейік, бұл Айнұр Тұрсынбаеваның үшінші некесі. Ол оқырманның: "Нұржан аға сізден неше жас кіші?" деген сауалына: "Жасы кіші болса да, ақылы асса аға де", - деп әзілмен жауап берді. 

Айнұр мен Нұржан

Жайдарманшылар Мереке Қалбаева мен Арсен Акиев те шаңырақ көтеріп, қазақстандықтарды таңғалдырған еді. Мереке Арсеннен 6 жас үлкен. Бақытты жұп бір қыз, бір ұлдың ата-анасы. Ерлі-зайыптылар жүрекке  әмір жүрмейтінін тағы бір рет дәлелдеді.

Мереке мен Арсен

Отандық әнші Маржан Арапбаеваның да күйеуі өзінен 4 жасқа кіші. Өнер иесінің бірінші күйеуінен қызы бар. Олар алты жыл бірге тұрып, ажырасып кеткен. Әнші қазір Ербол есімді ер азаматпен көңіл қосқан. Олар ортақ некеден екі қыз сүйіп отыр.

Маржан мен Ербол

Жас алшақтығына қарамастан көңіл қосқан жұптардың арасында Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш бар. Ерлі-зайыптылардың арасы 45 жас. Өнер иесі 2019 жылы екінші рет шаңырақ көтерді. Айта кетейік, Жадыра Сейдеш – еліміздің танымал тұлғалары жөнінде сыр шертетін "Жүрекжарды" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. Жарты ғасырға жуық жас айырмашылығын кедергі көрмей, бас қосқан олар махаббаттың құдіреттілігіне тағы бір көз жеткізгендей.

Нұрғали мен Жадыра

Аталмыш тізімді Асанәлі Әшімов пен Бағдат Әшімова толықтырды. Абыз актер өмірлік серігін осыдан 15 жыл бұрын кездестіріп, шаңырақ көтерді. Асанәлі Әшімов жарынан 34 жасқа үлкен. Ерлі-зайыпты ортақ некеден Асанәлі есімді ұл тәрбиелеп отыр. Актердің бірінші некесінен Сағина деген қызы бар.

Асанәлі мен Бағдат

Әнші Гүлнұр Оразымбетова да өзінен 21 жас үлкен отандық саясаткер Серікбай Нұрғисаевқа тұрмысқа шыққан. Отандасқандарына 20 жылдан астам уақыт болған ерлі-зайыпты атұстар екі азаматтың ата-анасы.

Гүлнұр мен Серікбай

Көпшілікке танымал Қыдырәлі Болманов та Қарақаттан 14 жас үлкен. Көптің көзайымына айналған жұлдызды жұп бүгінде төрт ұл, екі қыз сүйіп отыр.

Қыдырәлі мен Қарақат

Еркін Нұржановтың бірінші әйелі де өзінен 14 жасқа кіші. "Жүрегімде қап қойған, жаным, саған кім екен Аягөз деп ат қойған?" деп әндеткен өнер иесінің бірінші некесі сәтсіз болды. Әнші екінші рет те өзінен 14 жас кіші Динара есімді сұлуды жар етті. Ерлі-зайыпты бүгінді үш перзентті тәрбиелеп отыр.

Еркін мен Динара

Асхат Тарғынның келіншегі өзінен 13 жас кіші. "Махаббат жасқа қарамайтын сезім" деген әншінің Әлия Құдайбергенова есімді келіншегінен алтын асықтай ұлы бар.

Асхат пен Әлия

Талқылау