11 жасар қазақ қыздары жеке кәсіптерін ашып, табысқа кенелудің жолын тапқан
Көптеген адамдар жұмыс беруші мен жалақыға тәуелді болмай кәсіппен айналысуды қалайды. Сол сияқты балалар да қаржылай жағынан тәуелсіз болғысы келеді. Кішкентай кәсіпкерлер жеке кәсібін ашып, слайм мен “күйзеліске қарсы” жұмсақ ойыншықтарды жасаумен айналысады.
Бұл туралы weproject.kz жазды.
11 жасар астаналық Камила Чувакова слаймдарды алғаш Instagram-нан көргенін айтты. Алдымен ол слаймның не үшін керек екенін түсінбеген. Кейін ойыншықты өзі істеуге кіріскен. Оның айтуынша, бірінші слайм өзіне ұнамаған.
Қыз слаймды қалай жасау керегін видеодан үйреніп алып, бірнеше контейнерлер мен желім сатып алып өзі жасай бастаған. Жасап қана қоймай, оны сатуды ойлаған. Алайда кейін қажетті желім табылмағандықтан сатуды тоқтатқан. Бірақ, Камила оның шешімін тауып, дайын слаймдар сатып алып, сол арқылы өзінің слаймдарын дайындаған.
Камила түскен табысының 40 пайызын өзінің керегіне, қалған қаржыны слаймның материалдарын алуға жұмсаған.
Тағы бір астаналық 12 жасар кәсіпкер қыз Айымжан Есенгелдi де слаймды қалай дайындайтынын видеодан көріп қалған. Кейін өзі жасау үшін қажет материалдарды жинақтады. Қазір әпкесі оның өнімін жәрмеңкелерге апарса, анасы “Инстаграм” парақшасын жүргізуге көмектеседі.
Айымжан ойыншық сатып, аптасына 5-10 мың теңге табыс тапқан. Енді ол слаймдарын дүкендерге қойып сатпақшы.
Павлодарлық 12 жасар Гүлназ Нұржанова алғашқы слаймды өткен жылы өзіне арнап жасаған. Кейін “Инстаграм” желісі арқылы сата бастады.
Ол тапсырыс берушілердің талабына сай ойыншықтар жасайды. Мысалы, слаймға шарлар мен жылтырақтар қосуға болады, дейді.
Тағы оқыңыз:
Қостанайда ірі сауда орталығында өрт болды
Алматыдағы өрт: Байбек көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіруді тапсырды
Полиция әлеуметтік желі арқылы тараған Ақтаудағы педофил туралы болжамды жоққа шығарды
Айгүл Мүкей лифтте қаза тапқан тележүргізуші жайлы: Шенеуніктерге ең ауыр жаза қолдану керек