AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жасар бала Ресей әскерінің беделін түсіргені үшін есепке алынды

Волгоград облысының Камышин қаласында полиция қызметкерлері 11 жасар оқушыны әлеуметтік желіде "Ресей армиясының беделін түсіретін" жазбалар жариялағаны үшін профилактикалық есепке қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ресей ІІМ "Камышинский" муниципалитетаралық басқармасының БАҚ-пен байланыс жөніндегі маманы Марина Агаркова айтып берді. 

Ол тәртіп бұзушының Камышин ауданында сәуірдің 14-і мен 22-сі аралығында өткен "Сенің таңдауың" профилактикалық іс-шарасы аясында желіде табылғанын түсіндірді.

11 жасар баланың өз жазбаларында Ресей Қарулы Күштері туралы нақты не жазғанын Агаркова ашып айтпады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Камышин ауданындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшеде профилактикалық есепте қоғамға жат көзқарастағы 20 жасөспірім бар.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр