Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған соң мектеп директоры мен білім бөлімінің басшысы жұмыстарынан кетті

Жамбыл облысында білім бөлімінің шенеуніктері оқушы қыздың өзіне қол жұмсауынан кейін жұмыстарынан айырылды. 11 сынып оқушысы демалыс күні жер үйдің қорасына барып асылып қалған. Бірақ бұл іске байланысты метеп директоры мен аудандық білім бөлімінің басшысы жұмыстарынан кетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қыздың бұл шешіміне не түрткі болғанын тергеушілер анықтауда. Оқушы қыз қонақтан ата-анасынан бұрын үйіне келген соң өзіне қол салыпты. Оның жақындары қыз бақилық болып кеткен соң тауыпты. Бұл жағдайдан кейін қызметінен мектеп директоры мен аудандық білім бөлімінің басшысы босатылыпты. Айта кетерлік жайт, бұл мектепте осы көктемде 9 сынып оқушысы да өзіне қол жұмсаған. Бұл оқиғадан соң жоғарыда отырғандар өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті. Мектепгілердің айтуынша, қыз бен басқалардың арасында жанжал болмаған, оның үстіне оқушы жақсы оқитындардың қатарында болған.

"Сыныптастары мен ұстаздарымен қыз мүлдем сөзге келмеген, оның үстіне сабақты жақсы оқитын еді. Ешкім бұлай болады деп ойламады да. Оның бұл әрекетін не себеп болғанын біз тіпті елесте алмаймыз", - деді мектеп директорның орынбасары Эльвира Ибраимова. 

  


 

Талқылау