11 баланың əкесі: Азық-түлікті қаптап аламыз (фото)
Stan.kz сайтының күнгейдегі тілшісі бүгінде 11 баланы тәрбиелеп отырған Абдрахмановтар шаңырағында болып қайтты. Бізді әулеттің үлкен анасы Баян апай қарсы алды.
70-ке беттеген шағнда 23 немере сүйсе, соның 11-і екінші ұлы Бауыржан ағайдың ұл-қызы.
«Балалы үй базар» деген нақыл сөз үбірлі-шүбірлі нақ осы Абдрахмановтар әулетіне тура келеді. Үлкендері үй ісіне жарап-ақ қалған. Тамағын тасып, ыдысын жуып, ата-анасына қолғабыс болып жүр.
Сайтымызды ертерек жарияланған мақалада Бауыржан Абдрахмановтың құзырлы органда қызмет ететінін айттық. Оның жары Хадиша Санаева да ақ халатты абзал жан, жергілікті ауруханада жұмыс істеп келеді. Тұңғышын өміре әкелгеннен-ақ, енесі жанынан қалмай, көмек беріп келетінін айтады.
Баян апайдың өзі де – бес ұл-қыздың анасы. Жолдасы Тұрғын Абдрахманов ұзақ жылдар бойы сот саласында қызмет еткен.
88 жылы азаматынан көз жазып қалған Баян апа бес баламен қалып, жалғыз басты ананың қорғансыз күнін кешкенін айтады. Ұл-қызын жеткізіп, жоғарғы білім беріп, құтты орындарына қондырам дегенше тынбай, талай жерде еңбек еткен екен.
Қиындық көрсең де, бір Аллаға сиынсаң, мұратыңа жеткізетінін тілге тиек етеді ана . Ұлы Бауыржан бала күнінен «саған әлі жиырма немере сыйлаймын» дейді екен. «Періштенің құлағына шалынған шығар» дейді күліп.
Балалардың бəрі бір мектепте оқиды. Оларға бір микроавтобус артық етпейді. Олардың күнделікті жол ақысына 1000 теңге кетеді екен.
Азық-түлікке бір барғанда 100000 теңге, ал киім-кешекке 300000 теңгедей жұмсайтынын айтады. Қосымша шығындары да жеткілікті. Бұл отбасының өз баспаналары жоқ. Шаңырақ көтергелі пәтер жалдап жүр екен.
Сондықтан талай жылдардан бері несиеден көз ашпай келеді. Үй алуға демеп жіберіп, игі істің сауабын алам деушілерге ой салады.
Бауыржан ағай көп балалы отбасында өскен бала мейірімді болатынына сенімді. Бүгінде балақайлар бір-біріне қолдау болып, бірінің соңынан бірі еріп өсіп келеді. Үлкені Ислам биыл он жетіге толады.
Əке жолын қуып, заң саласында қызмет еткісі келеді. Бос уақытында гитара тартқанды ұнатады. Кешкі ас 15-16-ға келіп қалған Қазына мен Асияның мойнында. Аналары жұмыстан оралғанша, нан жауып, тəттісін пісіріп дайын отырады. Үйдің кенжесі – Жасмина 5-те. Балалар шетінен алғыр. Мақтау қағаздардың саны жоқ. Өскенде түрлі кәсіптің белді мамандарына айналғалы тұр.
Оқи отырыңыз:
Атырауда бағасы 6 миллион теңге тұратын балық ауланды
Әйгілі «Челси» немесе «Милан» командалары Астанаға келіп Қазақстан құрамасымен ойнамақ
Петербордағы жарылыстан соң Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді