Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 айлық баласын вегандық дәстүрмен қоректендірген америкалық сотта жауап берді

Ұлын өлтіріп ала жаздаған америкалық сот алдына келді. Ол 11 айлық баласын вегандыққа тәрбиелеген.

elizabeth hawk

Бұл туралы CBS News хабарлайды.

Пенсильвания штатының 33 жастағы тұрғыны Элизабет Хок бала денсаулығына зиян келтірді деп айыпталуда. Тергеушілердің сөзінше, 11 айлық баланы тек жаңғақ және жидекпен ғана тамақтандырған. Мәселені Элизабетпен жуырда ғана ажырасып кеткен күйеуі көтерген. Ол ұлының терісі түгелдей бөртіп кеткенін және аяқ-қолымен мүлде қозғала алмайтынын байқаған.

Ал әйел болса балада жәй ғана аллергия деп ақталған.

Баланы тексерген дәрігерлер сұмдық жағдайға куәгер болған. Ол ананың балаға жасаған қарым-қатынасын “рахымсыздық” деп атаған. Оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін басқа екі баламен бірге әкесіне берген. Қазір баланың денсаулығы жақсарып келе жатыр. Төнген қауіп те сейілген.

Талқылау