Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

107 жастағы әжей коронавирусты жеңді

Нидерландылық 107 жастағы әйел СOVID-19-дан сауыққан әлемдегі ең қарт пациент болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

17 наурызда  Гуре-Оверфлакке аралының тұрғыны Корнелия Рас 107-ші туған күнін атап өтті. Бір күн өткен соң оның жағдайы нашарлап, жөтеліп, температурасы 38 градусқа дейін көтерілген.

Көп ұзамай Корнелиядан да басқа адамдардың ауыратыны да анықталды. Дәл осындай белгілер наурыздың ортасында шіркеуге барған сол қарттар үйінің басқа да тұрғындарынан байқалған. Рас пен оның 40 көршісінде SARS-CoV-2 коронавирусы анықталды.

Корнелия Рас өзінің вирус жұқтырғаны туралы хабарды сабырлы күйде қабылдаған. Ол екі аптадан астам ауырып, 6 сәуір күні толық айықты деп танылды.

Бұл ретте COVID-19 өршуі салдарынан ол тұратын қарттар үйінде 12 адам көз жұмды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, Рас COVID-19 жұқтырып, тірі қалған ең қарт адам болуы мүмкін. ДДСҰ бағалауы бойынша, SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырған жағдайда 80 жастан асқан пациенттердің 21,9 пайызына дейін өледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр