Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

105 жастағы кейуана ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтты

105 жастағы британдық әйел кезекті туған күнін атап өтіп, ұзақ өмір сүруінің құпиясымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bristol Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: bristolpost.co.uk

Джойс Кинг 1918 жылы Сомерсет штатының Рэдсток қаласында дүниеге келген. Британдық әйел 25 жасында күйеуі Эрикпен Бристоль қаласына көшкен. Қызы Вивьен дүниеге келгенге дейін шаштараз қазметін атқарған. 

Вивьеннің айтуынша, анасы бау-бақша баптағанды, гүл өсіруді, би билеуді жақсы көреді. Сонымен қатар ол белсенді өмір салтын ұстанады. 

105 жастағы әже өмірінде диета ұстамаған және дәмді тағамдарды ұнатады. Джойс Кинг сенімінің арқасында ұзақ өмір сүріп келе жатқанын айтты. Ол ұзақ өмір сүруінің тағы бір құпиясы ретінде фитнес сабақтарын атады. Кейуана көп уақытын табиғат аясында, жаяу серуендеп өткізетінін жеткізді.

Қазіргі уақытта британдық әйел Rosedale House қарттар үйінде тұрады. Мұнда ол өзінің 105 жылдығын атап өтті. "Күн кейіпкері" ұйымының қызметкерлері оның маникюр мен шаш үлгісін жасағанды ұнататынын айтты.

Талқылау