AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

102 жастағы қария ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтты

Америкалық Арманд Мартин 102 жасында әлі де көлік жүргізеді. Ол өзінің ұзақ өмір сүруі мен жақсы денсаулығының құпиясын айтты, деп хабарлайды Korrespondent.net.

Ер адам тамақ пен дәрі-дәрмек алуға сыртқа шығады, оның жанында ұлы еріп жүреді. Бес жыл бұрын қария көлік апатына түскен соң, онымен бірге ұлы жүретін болған. Содан кейін ол көліктен бас тартқан. Алайда 101 жасқа келгенде шыдай алмай, жаңа көлік сатып алған.

Мартин 1919 жылы дүниеге келген. Ол кітап оқудың арқасында көп жыл өмір сүрдім деп санайды. Ер адам күнде кітап оқитын көрінеді. Бәрінен бұрын ол вестерн мен фантастика жанрын жақсы көреді. Сондай-ақ ол өмір жасының ұзақ болуы тұрақты жұмыс, дұрыс тамақтану және белсенді өмір салтын ұстанғандығына байланысты деп ойлайды.

"Қарама-қарсы үйде тұратын көршім менің 310 жасқа дейін өмір сүретінімді айтты. Расында өзімді тамаша сезінемін", –  дейді Мартин.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр