Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100-150 миллион": Қыран Талапбек қанша табыс табатынын ашық айтты

Отандық танымал видеограф Қыран Талапбек Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында компаниясы және жылдық табысы жайлы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/kyran_talapbek

Бағдарлама жүргізушісінің: “Қыран Талапбектің ел алдында жетістікке жеткен адам болып жүруі үшін неше адам жұмыс істейді?” деген сауалына Қыран: “Біздің командада қазіргі кезде өзіммен бірге бес адам жұмыс істейді. Одан бөлек, үйде отырып жұмыс істейтін 30 қызметкер бар. Жалпы алғанда 30-35 адам  жұмыс істейді”, – деп жауап берді. 

Сұхбат барысында Қыран Талапбек өзінің тұрақты табыс таппайтынын айтып қалды.

“Бізде жылдық табыс деген нәрсе жоқ. Себебі, біздің компания бірнеше жерде бар. Қазақстанда және шетелдік компанияларда. Біз фрилансерлермен жұмыс істейміз. Біздің жылдық табысымыз бірде 100-150 миллион болса, кейде 20 миллион болады. Бір кездері 200 миллионға дейін барады, кейде тіпті 5 миллионға дейін түсіп кетеді. Қысқасы, тапсырыстар көп болса, жұмыс болады. Бізде үнемі тапсырыс болады, бірақ қазіргі кезде тапсырыстарымыздың көпшілігі шетелден түседі. Біз жұмыс істеген шетелдік белді компаниялар: Apple, Lexus, Toyota, Kia”, –дейді ол жетістіктері жайлы айтып.

Белгілі мобилографтың көліктерге қызығатынын оқырманының басым көпшілігі біледі. Қыран Талапбек өзі туралы тағы бір қызық дерекпен бөлісті. 

“Автокөліктер – жұмыс істеуге ынталандыратын жалғыз мотивациям. Басымда бес көлігім бар, бірақ басымда үй болмаған кездер болды. Әлі күнге дейін әке-шешеммен бірге тұрамын. Мен соңғы ақшамды бір көлікке жұмсауға дайын тұрамын. Адам өзінің күнделікті қажеттілігін жауып отыратын жағдайға жетсе, ары қарай жұмыс істеуге мотивациясы болмай қалады. Ондай жағдай менің де басымнан өткен. Бір қарасам, маған көлік ұнайды екен. Бір көлікті аламын деп мақсат қоямын, сол үшін жұмыс істеймін”, – дейді Қыран Талапбек.

Талқылау